Еліміздің 11 облысында күн райына байланысты ескерту жарияланды
АСТАНА. KAZINFORM – Қазақстанның 11 облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК.
Қарағанды, Павлодар, Ақмола, Қостанай облыстарында жаяу бұрқасын соғады деп болжам жасалды.
Солтүстік Қазақстан облысында қар жауады, Жетісу облысында да – қалың қар.
Атырау, Маңғыстау облыстарында шаңды дауыл соғады.
Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Түркістан облыстарында тұман түседі.