Еліміздің 14 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Қазақстанның 14 облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Фото: Эльмира Оралбаева/Kazinform

Синоптиктер республиканың 14 аймағында ауа райына байланысты ескерту жариялады, деп хабарлайды Kazinform. 

«Қазгидромет» РМК мәліметінше, Алматыда 21 қарашада түнде және таңертең тұман түседі.

Ақмола облысының солтүстігінде тұман болады. Оңтүстік-шығыстан жел соғып, күндіз облыстың батысында екпіні 15-20, кей кезде 23 м/с дейін күшейеді.

Ақтөбе облысының солтүстік-батысында түнде көктайғақ болады. Облыстың көп бөлігінде оңтүстік-шығыстан соғатын жел екпіні секундына 15-20 м/с, Мұғалжар ауданында 23-28 м/с дейін жетеді.

Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында кей кездері тұман түседі. Шығыстан жел соғып, облыстың солтүстігінде екпіні 15-20 м/с дейін күшейеді.

Атырау облысының басым бөлігінде солтүстік-батыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады, жел 23-28 м/с дейін күшейеді, ал облыстың батысында, оңтүстігінде, солтүстігінде кей кездері 30 м/с және одан асатын жылдамдықпен соғады.

Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, батысында түнде тұман түсіп, көктайғақ болады. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел бағытын солтүстік-батысқа ауысады. Түнде облыстың солтүстігінде, шығысында, ал күндіз батысында жел екпіні – 15-20 м/с.

Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында түнде және таңертң тұман түседі. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғып, күндіз облыстың оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с болады.

Қостанай облысының солтүстігінде, шығысында тұман түседі. Оңтүстік-шығыстан жел соғып, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с дейін жетеді.

Қызылорда облысында шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғып, түнде облыстың орталығында, батысында екпіні 15-20 м/с, күндіз – 15-20 м/с, орталықта – 23 м/с дейін күшейе түседі.

Маңғыстау облысында оңтүстік-шығыстан соғатын жел бағытын солтүстік-батысқа ауыстырады, түнде облыстың батысында жел 15-20 м/с, күндіз басым бөлігінде – 15-20 м/с, ал батыс, оңтүстік, орталық бөлігінде – 23-28 м/с жылдамдықпен соғады.

Павлодар облысының оңтүстігі мен шығысында түнде тұман болады.

Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстік бөлігінде тұман түседі. Оңтүстік-шығыстан жел соғып, түнде облыстың оңтүстік-батыс бөлігінде екпіні 15-20 мс/, күндіз басым бөлігінде 15-20, кей кездері 23 м/с дейін жетеді.

Түркістан облысының солтүстігінде, батысында оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады.

Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында түнде және таңертең тұман түседі. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғып, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с, күндіз 23 м/с дейін жетеді.

Соңғы жаңалықтар