Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Еліміздің 17 өңірінде жас мамандар жеңілдетілген ипотекамен үй ала алады

АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстанның 17 өңірінде жас мамандарға баспана алуға мүмкіндік беретін жеңілдетілген ипотекалық бағдарламалар жүзеге асырылып жатыр.

ипотека
Коллаж: Kazinform / Freepik

Бұл туралы Мәдениет және ақпарат вице-министрі Евгений Кочетов Халықаралық жастар күніне арналған брифингте айтты.

Вице-министр жастарды баспанамен қамту мемлекеттік жастар саясатының маңызды бағыттарының бірі екенін атап өтті.

— Бүгінде 17 өңірде жас мамандарға арналған жеңілдетілген ипотекалық бағдарламалар жұмыс істейді. Бұдан бөлек, жастар республикалық тұрғын үй бағдарламалары арқылы да баспана алып жатыр. Мәселен, «Наурыз» және «Отау» бағдарламалары арқылы 5,4 мыңнан астам жас баспаналы болды, — деді спикер.

Бұдан басқа, жұмысшы мамандықтарының өкілдеріне арналған «Наурыз жұмыскер» бағдарламасы іске қосылған.

Айта кетейік, бұған дейін Отбасы банк ипотекаға қабылданатын үйлерге қойылатын талаптарды өзгеркені хабарланды.