Еліміздің 2 өңірінде жоғары өрт қаупі бар

АСТАНА. KAZINFORM – Еліміздің 2 өңірінде жоғары өрт қаупі бар. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК  баспасөз хатшысы Алина Ысмағұлова  айтты.

өрт
Фото: Әділет Беремқұлов/Kazinform

«Қазақстан аумағының басым бөлігіне оңтүстік циклон және онымен байланысты атмосфералық фронталды бөліктер әсер етеді. Найзағай ойнап, жаңбыр жауады. Оңтүстік-шығыста бұршақ түседі. Республика бойынша жел күшейеді. Оңтүстік-батыста және оңтүстік-шығыста шаңды дауыл күтіледі. Тек еліміздің солтүстік-шығысында, шығысында жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Қызылорда облысының орталығында, шығысында және Қызылорда қаласында, Маңғыстау облысының солтүстік-шығысында жоғары өрт қауіпі күтіледі», - деді ол Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте.

Соңғы жаңалықтар