Еліміздің 8 облысында 46 жол учаскесі жабылды
Ауа райына байланысты еліміздің 8 аймағында республикалық маңызы бар жолдар жабылды, деп хабарлайды Kazinform.
"26 желтоқсан күні сағат 17.00-дегі жағдай бойынша 8 облыста республикалық маңызы бар автожолдардың 46 учаскесінде көлік қозғалысына шектеу енгізілді.
Шектеу автокөліктің барлық түріне қолданылады (боран, шектеулі көрініс)", - деп мәлімдеді ҚазАвтоЖол компаниясынан.
Қазіргі уақытта республикалық маңызы бар автожолдарда 477 бірлік техника жұмыс істеуде.