Еліміздің азаматтығын алғандар саны өсіп, одан бас тартқысы келетіндер азайып келеді - Ерлан Қарин

комиссия
Фото: Ақорда

АСТАНА. KAZINFORM - Ерлан Қарин Азаматтық мәселелер жөніндегі комиссияның отырысын өткізді. 

Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қариннің төрағалығымен Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Азаматтық мәселелер жөніндегі комиссияның отырысы өтті.

Жиында азаматтық туралы бірқатар мәселе қарастырылды.

Сондай-ақ комиссия қызметінің негізгі бағыттары бойынша Президенттің құқықтық мәселелер жөніндегі көмекшісі Ержан Жиенбаев пен Ішкі істер министрі Ержан Сәденовтің ақпараттары тыңдалды.

азаматтық
Фото: Ақорда

Отырыс барысында Мемлекеттік кеңесші соңғы жылдары еліміздің азаматтығын алғандар саны өсіп, одан бас тартқысы келетіндердің қатары азайып келе жатқанын атап көрсетті. 

Бұл Қазақстан азаматтығы институтының беделі артқанын білдіреді.

Басқосу соңында комиссия тиісті шешімдер қабылдап, нақты ұсынымдар берді.

Соңғы жаңалықтар