Еліміздің басым бөлігінде ауа райы жауын-шашынсыз болады — Қазгидромет
АСТАНА. KAZINFORM — «Қазгидромет» РМК 7 тамыз күнгі ауа райы болжамын жариялады.
Кең ауқымды антициклонның әсерінен Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы болжанады. Тек шығыста, оңтүстік және оңтүстік-шығыстың таулы аудандарында атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты найзағай ойнап, жаңбыр жауады.
Шығыста жаңбыр, жекелеген аудандарда бұршақ жаууы мүмкін.
Республика бойынша желдің күшеюі болжанған. Оңтүстікте шаңды дауыл, батыста және солтүстікте түнде және таңертең тұман болады.
Күндіз Алматы, Батыс Қазақстан, Атырау, Ақтөбе, Жетісу және Ұлытау облыстарында 35-38 градус қатты ыстық болады.
Маңғыстау облысында ауа температурасы 38-40 градусқа жетеді.
Түркістан, Қызылорда облыстарында 40 градус қатты ыстық болжанған.
Айта кетейік, бүгін Астана мен тағы 5 қалада ауа сапасы нашарлайды.