03:02, 15 Қаңтар 2024 | GMT +5
Еліміздің басым бөлігінде аяз болады – Қазгидромет
15 қаңтарда еліміздің басым бөлігінде антициклон әсерінен жауын-шашынсыз, аязды ауа райы сақталады, деп хабарлайды Kazinform.
«Қазгидромет» РМК мәліметі бойынша, тек шығыста, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты ауа райы құбылмалы болады, қар жаууы мүмкін.
Республика бойынша тұман түсіп, көктайғақ, бұрқасын болады, екпінді жел соғады.