Еліміздің басым бөлігінде қар жауады - Қазгидромет

АСТАНА. KAZINFORM – «Қазгидромет» РМК-сы ақпанның 27-сі күнгі күн райы болжамын жариялады.

погода, снег, люди
Фото: Солтан Жексенбеков / Kazinform

Кәсіпорынның деректеріне қарағанда, атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты еліміздің басым бөлігінде қар жауады.

Республика бойынша тұман, көктайғақ болып, елдің солтүстігінде, оңтүстігінде, оңтүстік-батысында, орталығында жел күшейіп, бұрқасындатады.

Маңғыстау облысының солтүстік-шығысында, түнде Жетісу облысының таулы аудандарында қалың қар жауады.

Түнде Алматы облысының шығысында, күндіз Жетісу облысының солтүстік-шығысында, таулы аудандарында желдің жылдамдығы секундына 30 метрге жетеді, одан да күшті болуы мүмкін.

Осыған дейін хабарлағанымыздай, Алматыда бәйшешек гүлдеді.

 

Соңғы жаңалықтар