Еліміздің басым бөлігінде жаңбыр тоқтайды - Қазгидромет

Абай облысы
Фото: Абай облысының әкімдігі

АСТАНА. KAZINFORM – Республика аумағының басым бөлігінде жауын-шашын тоқтап, күн жылынады деп күтілуде. Тек қиыр солтүстікте, шығыс аймақтарда және оңтүстік-шығыс тауларында ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады деп болжанып отыр.

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте «Қазгидромет» РМК баспасөз хатшысы Алина Исмагулова еліміз бойынша ауа райы болжамын айтты.

«Атмосфералық фронтальды бөлімдердің әсерінен жауын-шашын (жаңбыр, қар) өтеді. Қазақстан бойынша түнгі және таңертеңгі сағаттарда тұман болжанады, күндізгі уақытта найзағай күтіледі. Республика бойынша жел күшейеді. Термометрлердің бағандары түнде температураның ауытқуын, ал күндіз батыста, оңтүстікте температураның 30 градусқа дейін, елдің солтүстігінде 25 градусқа дейін, оңтүстік-шығыста 23-29 градусқа дейін айтарлықтай жоғарылауын көрсетеді», – деді ол.

Соңғы жаңалықтар