Еліміздің басым бөлігінде жауын-шашын болады

13 қарашада Қазақстанның басым бөлігінде атмосфералық фронттардың өтуімен ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады, деп хабарлайды Kazinform «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап. 

Ауа райы болжамы
Фото: Кazinform

Синоптиктердің болжамы бойынша жауын-шашын, елдің оңтүстік шығысы мен шығысындағы таулы аймақтарда қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ күтіледі. 

Антициклон сілемі бар Қазақстанның батыс өңірлерінде ғана негізінен жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.