07:31, 17 Қаңтар 2025 | GMT +5
Еліміздің басым бөлігінде жел күшейіп, бұрқасындатады - Қазгидромет
АСТАНА. KAZINFORM – «Қазгидромет» РМК-сы қаңтардың 17-сі күнгі ауа райы болжамын жариялады.

Солтүстік циклон және онымен байланысты атмосфералық фронталды бөліктер еліміздің аумағында қар мен жаңбырдың жаууына себеп болады. Солтүстік өңірлерде қар, оңтүстікте, оңтүстік – шығыс бөлігінің таулы аудандарында нөсерлетеді.
Республика бойынша жел күшейіп, бұрқасындатады, тұман түсіп, көктайғақ болады.
Осыған дейін ауа райына байланысты екі облыста жол жабылғанын хабарладық.