Еліміздің бірнеше өңірінде нөсер жаңбыр жауып, бұршақ түсуі мүмкін

АСТАНА. KAZINFORM – Еліміздің батысында, солтүстігінде және орталығында қатты жаңбыр жауып, бұршақ түсуі мүмкін. Батыс өңірлерде жауын-шашын 2 шілдеге дейін сақталады.

дождь
Фото: Максат Шыгарбай \ Kazinform

Қазақстанның шығысы мен оңтүстік-шығысында +38 °C-қа дейін аптап ыстық сақталып, төтенше өрт қаупі күтіледі.

Астанада күн бұлтты, жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Желдің жылдамдығы 9–14 м/с, екпіні 15–20 м/с. Ауа температурасы түнде +15...+17 °C, күндіз +24...+26 °C.

Алматыда күн бұлтты, жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Желдің жылдамдығы 3–8 м/с, екпіні 15–18 м/с. Ауа температурасы түнде +21...+23 °C, күндіз +33...+35 °C.

Шымкентте күн бұлтты, жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Желдің жылдамдығы 8–13 м/с, екпіні 15–20 м/с. Ауа температурасы түнде +19...+21 °C, күндіз +31...+33 °C.