Еліміздің қай өңірінде құрғақшылық болуы мүмкін

АСТАНА. KAZINFORM – «Қазгидромет» мамандары сәуір айында жауған жауын-шашын мен ауа райы болжамын ескеріп, құрғақшылық қаупі бар аумақ ауданының ұлғаюы ықтимал екенін алға тартып отыр. 

қуаңшылық
Фото: Pixabay

Құрғақшылық Қызылорда облысының Қармақшы және Іле аудандарында, Қостанай облысының Амангелді ауданында, Қарағанды облысының Шет ауданында күтіледі.

«Қостанай облысында - Қарасу ауданында, Ақмола облысында – Ақкөл, Атбасар, Сандықтау аудандарында, Павлодар облысында – Ақтоғай, Успен аудандарында және Павлодар қаласының маңында, Батыс Қазақстан облысындағы Бөрлі, Шыңғырлау, Сырым және Қаратөбе аудандарында, Ақтөбе облысында – Қобда ауданында орташа ылғалдылық болжанады», - деді «Қазгидромет» РМК баспасөз хатшысы Алина Исмагулова Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингіде. 

Еске салсақ, бұған дейін Алматыда бүгін ауа райы қандай болатынын хабарлаған едік.