20:50, 08 Ақпан 2024 | GMT +5
Еліміздің он бір аймағында 66 жол жабық тұр
АСТАНА. KAZINFORM — 8 ақпан сағат 20.00-де 11 облыста республикалық маңызы бар автожолдардың 66 учаскесінде көлік қозғалысына шектеу енгізілді.

- Ақмола облысында — 18 учаске
- Ақтөбе облысында — 11 учаске
- Алматы облысында — 1 учаске
- Жетісу облысында — 1 учаске
- Батыс Қазақстан облысында — 1 учаске
- Қарағанды облысында — 9 учаске
- Қостанай облысында — 9 учаске
- Қызылорда облысында — 1 учаске
- Павлодар облысында — 6 учаске
- Солтүстік Қазақстан облысында — 6 учаске
- Ұлытау облысында — 3 учаске
Ағымдағы сағатта республикалық маңызы бар автожолдарда 607 техника және 1122 жолшы жұмыс істеп жүр.
Шектеу енгізілген учаскелер туралы ақпаратты мына сілтемеден біле аласыздар.