Еліміздің оңтүстігінде ауа температурасы +20 градусқа дейін көтеріледі

АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстанның батысы мен шығысында жауын-шашын жауып, жел күшейеді деп күтілуде.

Астана_Люди
Фото: Виктор Федюнин / Kazinform

Астанада көшпелі бұлт шығып, жауын-шашынсыз болады. Желдің екпіні 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде 0...-2°C, күндіз +3...+5°C.

Алматыда көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз болады. Желдің екпіні 3-8 м/с. Ауа температурасы түнде +5...+7°C, күндіз +13...+15°C.

Шымкентте көшпелі бұлт болып, жауын-шашынсыз болады. Желдің екпіні 8-13 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде +6...+8°C, күндіз +18...+20°C.