Еліміздің су қоймаларындағы қазіргі ахуал қандай

АСТАНА. KAZINFORM – Су ресурстары және ирригация министрлігі тасқын суын қабылдау және қауіпсіз өткізу үшін еліміздің солтүстік, батыс, шығыс және орталық аймақтарындағы ірі су қоймаларынан су жіберіп жатыр.

Еліміздің су қоймаларындағы жағдай қалай
Фото: Су ресурстары және ирригация министрлігі

30 сәуір күнгі жағдай келесідей:

Ақмола, Ақтөбе, Қарағанды, Қостанай, Батыс Қазақстан және Ұлытау облыстарының су қоймаларында су тасқынының белсенді кезеңі аяқталды.

Шығыс Қазақстан облысында Бұқтырма су қоймасынан секундына 937 текше метр, ал Өскемен су қоймасынан 1032 текше метр су жіберіліп жатыр.

Абай облысындағы Шүлбі су қоймасынан секундына 2700 текше метр су жіберіліп жатыр.

Солтүстік Қазақстан облысында Сергеев су қоймасынан секундына 782,12 текше метр, Петропавл су қоймасынан 2904.12 текше метр су жіберілуде.

Айта кетейік, бұған дейін Қазақстанда тасқын қайталана бермеу үшін неше су қоймасы керек екенін жаздық.

Соңғы жаңалықтар