11:42, 03 Ақпан 2024 | GMT +5
Еліміздің үш облысындағы республикалық жолдар жабылды
АСТАНА. KAZINFORM – Ауа райының қолайсыздығына байланысты 3 облыста республикалық маңызы бар автожолдардың 3 учаскесінде автокөліктің барлық түрі үшін шектеу енгізілді. Бұл туралы «ҚазаАвтоЖол» компаниясы хабарлады.

Жамбыл облысында– 1 учаске
1.«Алматы-Ташкент-Термез» 159-238 км Кенен а. - Қайнар а. – 79 км. (тұман, шектеулі көрініс, жел)
Қостанай облысында– 1 учаске
1.«Жезқазған-Петропавл» 252-335 км, Ұлытау обл.шек. -Аркалық қ. – 83 км. (Ұлытау облысындағы ауа райының қолайсыздығына байланысты)
Ұлытау облысында– 1 учаске
1.«Жезқазған-Петропавл» 137-252 км, Ұлытау к. -Қостанай обл. шек. – 115 км. (бұрқасын, шектеулі көрініс)
Республикалық маңызы бар автожолдарды қысқы күтіп-ұстауға 375 бірлік арнайы техника және 536 жолшы жұмылдырылды.