Еліміздің жеті облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Қазақстанның 7 облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды. Кazinform бұл туралы «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап хабарлайды.
19 қазанда Маңғыстау облысында шығыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады.
Жамбыл, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Ақмола және Ақтөбе облыстарында тұман түседі.
Өскемен және Риддер қалаларында болжанып отырған қолайсыз күн райына байланысты қолайсыз метеорологиялық жағдай туралы екінші дәрежелі ескерту күшінде қалды.