Елорадада әлеуметтік жетімдіктің алдын алу жөніндегі дөңгелек үстел өтті

АСТАНА. Шілденің 30-ы. ҚазАқпарат /Құралай Орынбекқызы/ - Бүгін «Нұр Отан» ХДП қалалық филиалының ғимаратында «Балалардың әлеуметтік бейімделу орталығы» қоғамдық бірлестігі «Әлеуметтік жетімдік проблемасын шешуде қоғамның әлеуметтік белсенділігін арттыру» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді,

Елорадада әлеуметтік жетімдіктің алдын алу жөніндегі дөңгелек үстел өтті

 деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

  Басқосуға білім беру және мемлекеттік құрылымдардың қызметкерлері, «Бақытты бала» үкіметтік емес ұйымы желісінің мүшелері, халықаралық қорлар мен БАҚ өкілдері қатысты. Дөңгелек үстелдің мақсаты - өмірінің қиын кезеңдерінде балалар мен отбасыларға көрсетілетін және әлеуметтік жетімдіктің алдын алуға бағытталған арнайы әлеуметтік көмектің бірыңғай стандарттарын құру.

  «Балалардың әлеуметтік бейімделу орталығы» қоғамдық бірлестігінің директоры Елена Колмогорованың айтуынша, «көбінесе біз, яғни ҮЕҰ өкілдері жайсыз отбасындағы балаға ешқандай жәрдем бере алмайтындай фактілермен кездесеміз».