Елорададағы Бейбітшілік және келісім сарайында Ақкөл балалар үйі тәрбиеленушілерінің көркемсурет шығармалары көрмесі ашылады
АСТАНА. Наурыздың 10ы. ҚазАқпарат /Гүлнәр Жандағұлова/ - Елордадағы Бейбітшілік және келісім сарайында наурыздың 11-інде Ақкөл балар үйі тәрбиеленушілерінің «Балалар әлемі» көрмесі ашылады,
деп хабарлады «Болашақ» қауымдастығының баспасөз қызметі.
Баспасөз қызметінен хабарлағанындай, акция балалар үйлері тәрбиеленушілерінің шығармашылық және кәсіби дамуы проблемаларына мемлекет пен қоғамның назарын аудару болмақ.
Вернисажға ҚР министрліктерінің өкілдері, ҚР Парламентінің депутаттары, дипломатиялық миссиялар мен халықаралық ұйымдардың өкілдері, жоғары оқу орындарының ректорлары, сондай-ақ республикалық үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері шақырылды.
Шара соңынан М.Горький атындағы орыс драма театрында жас суретшілерге арналған Синакевичтің «Тағы» спектаклі көрсетіледі.
Көрмені «Болашақ» қауымдастығы мен «Құланшы» арт-орталығы ұйымдастырып отыр.