Елорадағы зауыт асханасынан өрт шықты
АСТАНА. KAZINFORM - Бүгін түнде Астана қаласының Байқоңыр ауданында бетон зауытының аумағында орналасқан асханадан өрт шықты, деп хабарлайды ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі.
Баспасөз қызметінің мәліметтерінше, ТЖД күшімен асханадан 4 газ баллоны шығарылды. Қолға алынған шаралардың арқасында 60 шаршы метр алаңды шарпыған өрт сөндірілді.
Зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебі анықталуда.