Елорда 14 елдің сарапшылары мемлекеттік басқару әлеуетін жетілдіру мәселелерін талқылауда

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін елордада Мемлекеттік қызмет саласындағы өңірлік хаб ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының қолдауымен Хабқа қатысатын елдердің зерттеу әлеуетін жетілдіру мәселелеріне арналған 2 күндік семинар жұмысын бастады.
None
None

Халықаралық шара барысында ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының ректоры Болатбек Әбдірасылов семинар тақырыбының маңыздылығы мен өзектілігін атап өтті.

Семинарға Әзербайжан, Армения, Грузия, Қырғызстан, Тәжікстан, Молдова, Босния және Герцеговинаны қосқанда 14 елден 40-тан астам білікті сарапшылар қатысуда. Мемлекеттік басқару және мемлекеттік қызмет саласындағы өздерінің ғылыми зерттеулерімен белгілі дәрісшілер - Боккони университетінің профессоры Никола Белле (Италия) және Варшава университетінің профессоры Петр Модзелевский (Польша) бөлісетін болады. Семинар барысында қатысушыларға практикалық жаттығулар ұсынылады,

Айта кетейік, мемлекеттік басқару және мемлекеттік қызмет саласында зерттеу әлеуетін жетілдіру семинары алғаш рет өткізілуде. Бұл іс-шара Хабқа қатысушы елдердің осы саладағы сарапшылары мен зерттеушілері үшін мемлекеттік басқару және мемлекеттік қызмет саласындағы заманауи әрі озық үрдістерін зерделеуге бағытталған.

Соңғы жаңалықтар