Елорда 2023 жылға дейін әлеуметтік салаға 1,2 млрд теңге жұмсалмақ

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елорда 2023 жылға дейін әлеуметтік салаға 1,2 млрд теңге жұмсайды. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қалалық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Қайсар Маңқараев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Елорда 2023 жылға дейін әлеуметтік салаға 1,2 млрд теңге жұмсалмақ

«Елорданың 2023 жылға дейінгі нақтыланған бюджетінде әлеуметтік салаға 1 млрд 254 млн теңге қарастырылып отыр. Бұл орайда жұмыспен қамтуды басқару, жүріп-тұруы қиын 1-топтағы мүгедектерді жеке көмекшімен қамту негізгі бағыт саналады. оған 365 млн теңге қарастырып отыр. Сонымен қатар Денсаулық сақтау басқармасына ПТР-зертхана жабдықтарын сатып алуға шамамен 200 млн теңге қарастырылады», - деді ол Нұр-Сұлтан қалалық мәслихатының кезектен тыс 76-шы сессиясында.

Басқарма басшысының атап өтуінше, елорданың көлік инфрақұрылымын дамытуға қосымша 7 млрд 271 млн теңге, оның ішінде әлеуметтік маңызы бар ішкі бағыттарды жолаушылар тасымалын субсидиялауға 5 млрд 451 млн теңге бөлінеді.

«Отын-энергетика кешені және коммуниалдық шаруашылық басқармасына қосымша 899 млн теңге, оның ішінде газ-көлік жүйесін дамытуға 404,5 млн теңге қарастырылады. Құрылыс басқармасына бірқатар нысан құрылысын аяқтау үшін 1 млр 74 млн теңге бөлінеді. Қалалық орта сапасы және бақылау басқармасында қосымша 15 млн теңге көзделеді. Қоршаған ортаны қорғау және табиғат пайдалану басқармасына 1 млрд 651 теңге қарастырылып отыр», - деді Қайсар Маңқараев.