Елорда әкелері слет өткізуде

АСТАНА. 12 мамыр. ҚазАқпарат - Бүгін елордадағы №59 мектеп-лицейде ІІ қалалық «Әкелер слеті» өз жұмысын бастады.
None
None

Аталған білім ошағының бастамасымен осымен екінші жыл қатарынан өткізіліп жатқан шараға ҚР Білім және ғылым министрлігінің, Астана қалалық әкімдігінің өкілдері мен ата-аналар қатысуда.

«Әр адамның бұл өмірдегі бақыты - балалары. Дегенмен, бүгінгі таңда ата-аналар жұмыспен айналысып, балаларына уақытылы көңіл бөлмейтін жағдайлар да орын алып жатады. Сондықтан да осы №59 мектеп-лицейде әкелермен кездесіп, ақылдасып, сөйлесіп, әкелер кеңесі деген үлкен игі шараны бастап едік. Бұл шара көптеген мектептерде жалғасын тапты. Қазіргі  әкелер кеңесі баларға үлкен көмек көрсетіп отыр. Бүгін 1 жылдың қорытындысын жасамақпыз», - деп атап өтті жиынды ашқан Астана қалалық білім басқармасының бастығы Әсима Бимендина.

Алқалы жиынды ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл шараның негізгі мақсаты отбасындағы әкенің орнын, беделін арттырып қана қоймай, бала тәрбиесіндегі әкенің міндетін ұлттық дәстүр негізінде қалыптастыру болып табылады.

Слет өз жұмысын аяқтағаннан кейін аталған мектеп ауласында әкелер аллеясын ашып, 20 түп қарағай отырғызу жоспарланған.

Соңғы жаңалықтар