Елорда әкімдігі 20 жер учаскесін сатып алады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі жылу магистральдары мен көшелердің құрылысы үшін 20 жер учаскесін сатып алатын болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Елорда әкімдігі 20 жер учаскесін сатып алады

«Жалпы аумағы 2 гектар болатын 20 жер учаскесін 1 млрд 681 млн теңгеге сатып алу туралы жоба бар. Жер учаскелерін сатып алу мына нысандардың құрылысы бойынша жүргізіліп жатыр: инженерлік желілердің бесінші жылу магистральі мен Бөгенбай батыр, Сарыарқа, Кенесары, Күмісбеков көшелерінің аумағындағы жол; №64 мектеп-лицейіне қосымша құрылыс; Қабанбай батыр көшесі, Тұран, Сарайшық, Абай көшесі арқылы Тілендиев даңғылынынан Сейфуллин көшесіне, одан ары Жангелдин, Күмісбеков, Бейсеков көшесіне дейінгі инженерлік желілер мен жолдар; Бұқар жырау көшесі. Келісімдер бойынша барлық жобалар жер учаскелерінің иелерімен тұрақты комиссия отырыстарында қарастырылды», - деді Нұр-Сұлтан қалалық құрылыс және тұрғын үй саясаты басқармасының басшысы Руслан Ахметов қалалық әкімдікте мәслихаттың кезекті сессиялық отырысында.

Мәслихат депутаттары басқарма басшысының бұл ұсынысын қолдады.