Елорда әкімдігі халықпен онлайн-сауалнама жүргізуде

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана әкімдігінің ресми сайтында халықтан онлайн-сауалнама алу жалғасуда. Енді қала тұрғындары түрлі мәселелер бойынша бойынша өз пікірлерін білдіре алады, деп хабарлайдың әкімдіктің сайты .

Елорда әкімдігі халықпен онлайн-сауалнама жүргізуде

Қазіргі уақытта сауалнамалар экология және көгалдандыру, ПИК қызметі, қоғамдық орындарда темекі тарту және көлік мәселелері бойынша жүргізілуде. 2017 жылдың 4 ақпанында сауалнамаларға 785 азамат қатысты, соның ішінде темекі тарту мәселесі бойынша -91, көлік -80, ПИК - 333, экология және көгалдандыру - 281 адам.

Пікір білдіру үшін Астана қаласы әкімдігінің ресми сайтының бас парағындағы «Сіздің пікіріңіз (сауалнамалар) » қосымшасына кіріп, содан кейін «Сауалнаманы бастау» пернесін басу қажет. Сұрақтарға жауап берген соң жеке мәліметтері бар торды толтыру қажет, яғни, жынысын, жасын, байланыс телефонын және e-mail-поштасын көрсету керек.