Елорда әкімдігі карантинге жабылған шағынаудан туралы мәлімет таратты
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елордың бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Сарқыт Бейсенованың қаулысымен Абылай хан-Рысқұлбеков-Мүсірепов-Мұстафин көшелерінің квадратында шектеу шаралары енгізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Қала әкімдігінің мәліметінше, аталған аумақта қоршау белгілері орнатылып, полиция қызметкерлері кезекшілік жасауда. Бұл учаскедегі мына 9 үй карантинге алынды:
Мүсірепов көшесі 4, 7, 7/1,
Рысқұлбеков көшесі 4/1, 4/3, 16/1, 8А,
Мұстафин көшесі 21, 21/5.
Осы үйлердің тұрғындарына таяу жердегі дүкенге баруды, тапсырыспен дәрі-дәрмек алдыруды қоспағанда үйден шығуға тыйым салынады. Әскерилердің күшімен аталған учаскеде ауқымды залалсыздандыру жұмыстары жүргізіліп жатыр.


16 сәуірдегі мәліметтерге сәйкес, Нұр-Сұлтан қаласында 22 нысанда карантин енгізілген. Олар: 4 денсаулық сақтау нысаны, 2 жатақхана, «Шарапат» орталығы және бірнеше тұрғын үй бар. Карантин №1 автопарктен, 2 жатақханадан, тұрғын үйлердің 10 подъезінен және 3 медицина ұйымынан алынды.



Айта кетейік, бұған дейін Абылай хан-Рысқұлбеков-Мүсірепов-Мұстафин көшелері квадратында 10 үй карантинге жабылғаны хабарланған болатын.
Нұр-Сұлтанда 16 сәуір күнгі таңнан бері коронавирус 8 адамнан анықталды. Соңғы мәлімет бойынша, қалада індетке шалдыққандардың жалпы саны 305-ке жетті. Қазақстанда барлығы 1341 науқас тіркелді.

