Елорда әкімдігі қоғамдық көліктегі халыққа қызмет көрсету сапасын назарға алды

Жүргізуші М. Мырзахметовқа және кондуктор К. Өмешоваға «№ 7 автопарк» ЖШС сөгіс жариялады.
Сонымен қатар, Астана әкімдігі жолаушыларға қызмет көрсету сапасына, сервис деңгейіне және жүргізушілер мен кондукторлардың тәртібіне баса назар аударады.
Бұған үстіміздегі жылдың 12 қаңтарында өткізілген көлік мәселелері жөніндегі қоғамдық тыңдау дәлел болады. Шара барысында халыққа қызмет көрсету мәселелері мен оларды шешу бойынша міндеттер атап көрсетілді.
Осыған байланысты, 10 наурызда Астана қаласының жолаушылар көлігі басқармасының басшысы Б. Игенбердиновтың жетекшілігімен барлық автобус парктерінің әкімшіліктерінің қатысуымен қабылданып жатқан шараларды талдау бойынша жиын өткізіледі. Жиында автобус жүргізушілерінің маршрутта аралықты сақтау және жол қозғалысы ережелерін бұзу сияқты өз міндеттерін орындамауы, сонымен қатар, халыққа қызмет көрсету деңгейінің төмендігі сөз болады. Отырыстың қорытындысы бойынша қосымша хабарланады.