Елорда әкімдігі Тұңғыш Президент күніне орай әлеуметтік акция өткізеді

АСТАНА. 24 қараша. ҚазАқпарат - Тұңғыш Президент күнін мерекелеу аясында Астана қаласының әкімдігі елорданың тұрмысы төмен тұрғындары үшін түрлі акциялар ұйымдастырып, өткізуді жоспарлауда.

Елорда әкімдігі Тұңғыш Президент күніне орай әлеуметтік акция өткізеді

Елорданың ресми сайтының жазуынша, аталған көмектерді көпбалалы отбасылар, жетімдер мен жесірлер, сондай-ақ Ұлы Отан  және Ауған соғыстарының ардагерлері алады.

26 қарашада  «Бәйтерек» халықаралық медиа орталығында  осы акцияны өткізу мәселелеріне  арналған баспасөз мәслихаты өтеді.

Баспасөз  мәслихатына  Астана қаласы Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы бастығының орынбасары Ләззат Әбуова,  Астана қаласы Білім басқармасының бастығы Әсима Бимендина, Астана қаласы Денсаулық сақтау басқармасы бастығының орынбасары  Гүлнар Төлегенова, қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Бекен Әлімжанов қатысады деп күтілуде.