Елорда әкімдігі зейнеткерлерге тегін сыйлық тарату туралы ақпаратты жоққа шығарды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана әкімдігі Жаңа жыл қарсаңында зейнеткерлерге тегін сыйлық тарату туралы ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлайды «Қаз Ақпарат» ХАА елорда әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
None
None

«Соңғы уақытта Whats Аpp мессенджері арқылы және әлеуметтік желілердің парақшаларында зейнеткерлерге Жаңа жылға орай тегін сыйлықтар берілетіні туралы шындыққа сәйкес келмейтін ақпарат  тарату жиілеп кетті. 

Астана қаласының әкімдігі аталған ақпаратты ресми түрде жоққа шығарады, өйткені елорда әкімдігінің аппараты зейнеткерлерге сыйлықтарды тегін тарату бойынша шаралар өткізуді қарастырып отырған жоқ. Сондай-ақ, жалған ақпаратты қасақана таратқаны үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын ескертеміз. Елорда тұрғындары мен қонақтарын ресми дереккөздер таратқан шынайы ақпаратқа ғана сүйенуге шақырамыз»,-делінген баспсөз қызметінің хабарламасында.

«1-31 желтоқсан аралығында елордада «Астана - мейірімді қала» жалпықалалық қайырымдылық акциясы өткізілуде. Оның мақсаты - ҰОС ардагерлері, барлық топтарға жататын мүмкіндігі шектеулі адамдар, аз қамтылған және көп балалы отбасылар, жетім балалар, онкологиялық ауруларға, саул ауруына, туберкулезге шалдыққан балалар сияқты азаматтардың жеңілдікті топтарына қамқорлық көрсетіп, көңіл бөлу»,  деп атап өтті әкімдіктен.

Қала әкімінің бастамасымен 8 (7172) 55- 66- 55 көпарналы жедел желі іске қосылды, ол бойынша хабарласып атаулы көмек көрсетуге болады. Саll-орталықтың қоңырауларды қабылдау уақыты: сағат 10:00-ден 20:00-ге дейін және сенбі күні 11:00-ден 16:00-ге дейін. 

Соңғы жаңалықтар