Елорда әкімдігінде сатушысы жоқ «Адалдық дүкені» ашылды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Нұр-Сұлтан әкімдігінде сатушысы жоқ «Адалдық дүкені» ашылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Елорда әкімдігінде сатушысы жоқ «Адалдық дүкені» ашылды

«Сатушысы жоқ дүкен! Нұр-Сұлтан әкімдігінде «Адалдық дүкені» ашылды. Мұнда қызметкерлер мен қонақтар өздеріне қажетті заттарды алып, алынған тауар үшін ақшаны кассалық жәшікке қалдыра алады. Мұндай дүкендерді ашу қызметкерлердің жағымды моральдық қасиеттерін, соның ішінде ішкі парасаттылық пен адалдықты тәрбиелеуге бағытталған», - деп жазады елорда әкімдігінің баспасөз хатшысы Эльвира Жүргенбаева.

Оның жазуынша, «Нұр-Сұлтан - адалдық алаңы» жобасы қарқынды іске асуда.

Еске сала кетсек, былтыр «Астана - адалдық алаңы» жобасының басшысы Жазира Жылқышиева қаладағы тұрмыстық сыбайлас жемқорлықтың деңгейін айтарлықтай төмендетуге ықпал еткен жоба кеңсесінің қолға алған шаралары туралы айтып берген болатын.