Елорда әкімі «Астана таңдауы» байқауының жеңімпаздарына сыйлықтар табыс етті

Жоба Астана тұрғындарының ішінен шынайы кейіпкерлерді таңдап, оларды елімізге таныту мақсатын көздеді. Үздіктер бес санат бойынша іріктелді. Яғни, қоғамда маңызды орын алатын төрт кәсіптің иелері - дәрігер, мұғалім, учаскелік инспектор мен қоғамдық көлік жүргізушісі, сондай-ақ, адамгершілік қасиеті ерекше кез келген азамат. Астананың әрбір тұрғыны өзі үшін өмірлік үлгіге айналған жанды бұл сайысқа кейіпкер ретінде ұсынуына болды. Ерекше тұлға жайлы оның әріптестері, жақындары мен достары, сонымен бірге жоғары кәсібилігі мен адами қарым-қатынасына күә болғандар әңгіме жазып жібере алды. Байқау жеңімпаздары Астана қаласының Әкімдігі сайтындағы дауыс беру нәтижесінде анықталды.
Сонымен «Дәрігер» аталымында гинеколог Владимир Калашников, «Мұғалім» аталымында № 10 мектеп гимназиясының бастауыш сынып оқытушысы Мария Шоқыбасова, «Учаскелік инспектор» аталымында №24 полиция учаскесінің инспекторы Петр Фляг, «Қоғамдық көлік жүргізушісі» аталымында «№1 автобус паркі» АҚ-ның жүргізушісі Дулат Ахметов, «Құрылысшы» аталымында «Астанақұрылыссервис» ЖШС-нің инженері Майдан Құсайынов, «Дәнекерлеуші» аталымында «Астана - өңірлік электр желілік компаниясы» АҚ-ның қызмет басшысы Сергей Алексеев, «Жолшы» аталымында «ИсламKZ» ЖШС-нің атқарушы директоры Ғалым Жасыбаев жеңімпаз деп танылды.