Елорда әкімі қаланың туристік аймаққа айналуына ниетті
Жиембай/ - Елорда әкімі Иманғали Тасмағамбетов қаланың туристік аймаққа айналуына ниетті.
Ол бұл ойын бүгін Астанадағы «AstanaINVEST 2010» бірінші халықаралық инвестициялық форум барысында білдірді.
«Астана еуразиялық құрлықтың ортасында орналасқан және өзіне еуразиялық әрі азиялық дәстүрлерді жалғап отыр. Бүгінгі таңда Астана 2011 жылғы Азиаданың астанасы болып табылады. Осының барлығы Қазақстан астанасының халықаралық туристік және спорттық орталық болуын айқындауда», деген қала басшысы Астананы саяхаттауға жаны сүйетін жандар үшін тартымды туристік аймаққа айналдыруға ниетті екендігін жеткізді. Дегенмен ол үшін шетелдік туристер тарапынан сұранысқа ие аймақтың бірегей орындарын жетілдіру қажеттігін, сол арқылы Астананның халықаралық мәртебесі арта түсетіндігін айтты.
«Бұл орайда алдымызда даму бойынша үлкен жұмыстар, атап айтқанда, халықаралық стандарттарға жауап беретін жақсы жолдар салуды, жайлы қонақүйлер, спорттық және туристік базалар желісін тұрғызуды жүзеге асыру қажет», деді И.Тасмағамбетов.
Аталған жұмыстарға шағын және орта бизнестің белсенді араласуы тиіс екендігін баса айтқан қала әкімінің пайымдауынша, нақ осы кәсіпкерлер мемлекеттік нағыз активтерін құрады. «Сондықтан біз шағын және орта бизнес аяғынан нық тұрып, дамуы үшін барлық күш-жігерімізді жұмсаймыз», деді ол.