Елорда әкімі кезімде міндетімді тиісті деңгейде атқардым, жұмысымнан қысылмаймын – Алтай Көлгінов

АСТАНА. ҚазАқпарат – Үкімет басшысының орынбасары Алтай Көлгінов елорда әкімі болған кезінде құрылысқа қатысты айыптауларға жауап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
Photo: gov.kz

«Елорда экономикасының негізгі драйвері - құрылыс, сонымен қатар шағын және орта бизнес саласы. Сондықтан мемлекеттік органдардың алдында ең әуелі инвестиция тарту міндеті тұр. Астаналықтарды тұрғын үймен қамту да маңызды. Тек 2021 жылдың өзінде Отбасы банкі арқылы кезекте тұрғандар мен салымшыларға 10 мың пәтер берілді. Оның 7 мыңы - кезекте тұрғандарға. Егер сіздерде құрылыс, тұрғын үй салу бойынша нақты фактілер болса, тыңдауға дайынбыз. Фактілер бұрмаланбай, нақты жоба бойынша келтірілгені жөн. Жалпы құрылысқа қатысты сұрақтар бойынша қала әкімдігіне хабарласыңыз. Мен өткен жылдан бері елорда әкімі емеспін», - деді Алтай Көлгінов Үкімет отырысынан кейін БАҚ өкілдерінің сауалына жауап бере отырып.

Сонымен қатар журналистер Үкімет басшысының орынбасарынан елорда әкімі болған кездегі жұмысы жайлы сауал жолдады.

«Артық әңгіме керек емес. Ол үшін жауап бересіз. Бұл мемлекеттік қызметкерді көпшілік алдында айыптау болып саналады. Ондаймен айналысудың қажеті жоқ, ол үшін жауапкершілік қарастырылған. Мемлекеттік қызметкерге қарсы ондай шабуылдар болып тұрады, ол тапсырыспен жасалады. Елорда әкімі болғанда өз міндетімді тиісті деңгейде атқардым. Өз жұмысымнан қысылмаймын», - деді А. Көлгінов.


Соңғы жаңалықтар