Елорда әкімі ҰОС ардагерін келе жатқан 8 наурыз мерекесімен құттықтады
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елорда әкімі Алтай Көлгінов ҰОС ардагері Нұршида Ахметованы келе жатқан 8 наурыз Халықаралық әйелдер күні мерекесімен құттықтады.
Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайтында хабарланды.
Онда жарияланған мәліметтерге қарағанда, Нұршида Ахметова соғыс жылдары және соғыстан кейінгі өмірі туралы өз естеліктерімен бөліскен.
«Аспанымыз әрдайым ашық, еліміз тыныш болсын!»,-деді ол.

Соғыс жылдары еңбек ардагері барлау қызметінің медициналық бөлімінде қызмет еткен. 2020 жылғы 9 мамырда Нұршида Ахметова 98 жасқа толады. Қала әкімі Алтай Көлгінов ҰОС ардагерлеріне батылдықтары үшін алғыс айтып. Оларға зор денсаулық, амандық тіледі.