Елорда апта бойы жаңбырлы болуы ықтимал
АСТАНА. 15 шілде. ҚазАқпарат - Таяу күндерде Астанада жаңбырлы ауа райы сақталып, температура төмендеуі ықтимал.
Синоптиктердің болжамы бойынша, ауа райы құбылмалы болып, қысқа мерзімді жаңбыр жауады. Температура түнде +12-ден +17°C, күндіз +20-дан +25°C-қа дейін жетеді. Бұл туралы astana.kz сайтына «Қазгидромет» РМК мәлім етті.
«Астанада дүйсенбіде күн бұлттанып, жабыр жауып, күн күркіреуі мүмкін. Оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 9-14, кей жерлерде 18 м/с дейін жетеді. Температура түнде +15+17°C, күндіз +23+25°C шамасында»,- деп хабарлайды синоптиктер.
Елордада сейсенбі, сәрсенбі және бейсенбі күндері ауа райы еш өзгермейді: Оңтүстік батыстан соққан желдің екпіні 9-14, кей жерлерде 18 м/с дейін жетіп, температура түнде +8 +11°C, күндіз +18 +22°C шамасында болады.
Синоптиктердің болжамы бойынша, тұтастай алғанда, бас қалада аптаның соңына дейін жаңбырлы болып, күн күркіреп, әлсін-әлсін күшті жел тұруы ықтимал.