Елорда әуежайының басқарма төрағасы болып Юсуф Альжавдер тағайындалды

АСТАНА. KAZINFORM – «Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы» АҚ Басқарма төрағасы болып ҚР Үкіметінің аппаратымен келісім бойынша Юсуф Рашед Мохаммед Альджавдер тағайындалды, деп хабарлайды Азаматтық авиация комитеті.

Юсуф Рашед Мохаммед Альджавдер
Фото: Азаматтық авиация комитеті

Ерғазы Жолдасов бұрын атқарған қызметінен босатылды.Юсуф Альджавдердің авиация саласында 25 жылдан астам тәжірибесі бар. Түрлі лауазымдарда, соның ішінде «Emirates», «British Airways» әуе компанияларында, Дубай және Абу-Даби халықаралық әуежайларында басшылық лауазымдарда жұмыс істеді.

Анықтама:2023 жылдың қараша айында Астана қаласының әуежайы «Terminals Holding» (БАӘ) компаниясының сенімгерлік басқаруына берілді.

2024 жылғы 1 мамырдан бастап Инвестор жеке инвестициялар есебінен 20 жылдан астам уақыт бойы жаңартылмаған ұшу-қону жолағын күрделі жөндеуге кірісуді жоспарлап отыр.