Елорда әуежайы қалың қардан қалай тазартылып жатыр
«Тәулік ішінде бір айлық нормадан көп қар түсті. Түнгі сағат 2.00-ден таңғы 09.00-ге дейін жолақты жауып, перронды тазартуға тура келді. Салдарынан 10-ға жуық рейс кешіктірілді. Қосалқы рейстер Новосібір, Қарағанды және Алматы әуежайларына жіберілді. Жүк рейстері Новосібірге, жолаушы рейстері Қарағанды мен Алматыға жөнелтілді. Таңертең шамамен 7 рейсті іске қостық. Төрт рейстің келуін күтіп отырмыз. Қазір перронда рейстерге қызмет көрсетіліп жатыр», - деді Ерғазы Жолдасов.
Оның айтуынша, ауа-райына байланысты ұшу-қону жолағын тазарту қиындаған. Соған қарамастан, әр рейс мұқият пысықталады. Әрбір рейсті мүлтіксіз дайындауға кем дегенде 1,5 сағат кетіп жатыр.
«Ұшу-қонақ жолақтарына мұх қатқан. Түні бойы біз қардан тазарттық. Жолаушылардың қауіпсіздігі үшін сағат 14.00-ден 16.00-ге дейін тағы да тазарту жұмыстарын жүгіземіз. Осы аралықта перрон екі сағатқа жабық болады. Бұл рейстердің қауіпсіздігі үшін қажет. Қолдан келгеннін бәрін жасап жатырмыз», - деді әуежай өкілі.