Елорда әуежайы қалыпты режимде жұмыс істеп тұр
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елордалық Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайының баспасөз қызметі ғимарат жұмысы мен шетелдік рейстер туралы ақпарат жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Қазақстан Республикасында төтенше жағдай басталғаннан бері Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы өз жұмысын тоқтатқан жоқ. Елорданың әуе айлағының барлық қызметтері күшейтілген жұмыс режиміне ауысты. Рейстер әуе компанияларының шешімімен тоқтатылып жатыр. Рейстерді кешіктіру, тоқтату, қайта брондау жөніндегі барлық сұрақтар бойынша авиакомпаниялардың байланыс орталықтарына хабарласуды сұраймыз», - деп хабарлады әуежайдың баспасөз қызметі.
Бүгін 2022 жылдың 8 қаңтарында шетелдік әуе компаниялары Нұр-Сұлтанға және Нұр-Сұлтаннан Дубай, Минск, Калининград қалаларына 6 халықаралық рейсті жоспарлап отыр.
Халықаралық және ішкі рейстер туралы ақпарат күн сайын жаңартылып отырады.