Елорда әуежайында 40 рейс кешігіп жатыр

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы ауа райына байланысты бірқатар рейс кешігіп жатқанын мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қазіргі уақытта әуежай штаттық режимде жұмыс істеп тұр, дегенмен кейбір рейстер кешігіп жатыр.

Ұшып келетін 26 рейс, ұшып кететін 14 рейс кешіккен.

Оған елордадағы метеожағдай мен әуе кемелерінің кеш келуі себеп болды.

Әуежайдың ұшу-қону жолағын қардан тазарту жұмыстары үздіксіз жүріп жатыр.

«Жолаушылардан абай болуды, сондай-ақ өзекті ақпаратты авиакомпаниялар мен әуежайдың анықтамалық байланыс орталықтарынан білулерін сұраймыз» делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, бұған дейін елордада ауа райының қолайсыздығынан ұшақтар кешігіп жатқанын жазған едік.

«Қазір қонуы тиіс 10 рейс, ал ұшып кетуі тиіс 18 рейс кешігіп жатыр. Оған себеп - ауа райының қолайсыздығы», - дейді елорда әуежайынан.


Соңғы жаңалықтар