Елорда әуежайында боранға байланысты 50 рейс орындалмай қалды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Боранға байланысты «Нұрсұлтан Назарбаев» халықаралық әуежайында 50 рейс орындалмай қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

«Ауа райының қолайсыздығына байланысты қазіргі уақытта 45 рейс кешікті. Оның ішінде ұшып келуі тиіс рейстер саны – 25, ұшып кетуі тиіс рейстер саны – 20. Сонымен қатар, 50 рейс тоқтатылды. Оның ішінде 11-і – халықаралық бағыттағы рейстер», - деп хабарлады ҚазАқпарат тілшісіне «Нұрсұлтан Назарбаев» халықаралық әуежайының баспасөз қызметінің өкілі Жеңіс Ахметжанов.

Оның айтуынша, ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында «Нұрсұлтан Назарбаев» халықаралық әуежайының әуе айлағы түнгі сағат 02.40-тан күндізгі 14.00-ге дейін жабық тұрған.

«Өздеріңіз білетіндей, боран кеше түнде басталған болатын. Тоқтатылған рейстер ішінде бүгін де, кеше де орындалмай қалған рейстер бар», - деді ол.


Соңғы жаңалықтар