18:46, 01 Шілде 2010 | GMT +5
Елорда әуежайында жалған құжаттармен Грузия азаматы қолға түсті - Көліктегі орталық ІІД
АСТАНА. Шілденің 1-і. ҚазАқпарат /Қанат Құлшыманов/ - Елорда әуежайында жалған құжаттармен Грузия азаматы қолға түсті, деп хабарлайды Көліктегі орталық ІІД баспасөз қызметі.

Белгілі болғандай, «Астана-Тбилиси» бағытындағы №815 рейсін рәсімдеу кезінде құжаттық бақылау желісінде Грузияның 39 жастағы азаматы қолға түсті. Көші-қон картасында оның ҚР мемлекеттік шекарасынан өткен кезде пайдаланған өткізу бекетінің жалған мөрі анықталды. Аталмыш факті бойынша тексеру жүргізілуде.