Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Елорда әуежайында ЖПБ қызметкерлері тарапынан заңбұзушылықтар орын алса, сенім телефонына хабарласуға болады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана қаласы әуежайындағы Желілік полиция бөлімі қызметкерлері тарапынан қандай да бір заңбұзушылықтар мен теріс әрекеттер орын алған жағдайда 69-56-18 сенім телефонына хабарласуға болады.

Елорда әуежайында ЖПБ қызметкерлері тарапынан заңбұзушылықтар орын алса, сенім телефонына хабарласуға болады

Көліктегі ішкі істер департаментінің Астана қаласы әуежайындағы Желілік полиция бөлімі Қазақстан Республикасы ІІМ Көліктегі ІІД-нің құрылымдық бөлінісі болып табылады, деп хабарлады ведомстводан.

Астана қаласы әуежайындағы ЖПБ қызметкерлері Астана халықаралық әуежайында Қазақстан Республикасына шетел азаматтарының келуін және онда болуын, сондай-ақ еліміз арқылы шетелдіктердің транзиттік өтуін қадағалайды.