Елорда аумағында Шығыс Ильинкада үш үйді су басып, 18 адам көшірілді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астананың Есіл ауданында қар суының мол жиналуынан Шығыс Ильинкада үш үйді су басты.
Бұл туралы ҚР ТЖМ баспасөз қызметі хабарлады.
Соның нәтижесінде 18 адам көшіріліп, қонақүйге орналастырылды, олардың екеуі - бала. ТЖ-ды жоюға ҚР ТЖМ Астана қаласы ТЖД өрт сөндіру қызметі жеке құрамының 7 адамы мен 2 бірілк техникасы жұмылдырылды.