Елорда аумағында жас қыздар өз қалауларынсыз жыныстық құлдықтың құрбаны болған

АСТАНА. 20 қыркүйек. ҚазАқпарат - Елорда аумағында жас қыздар өз қалауларынсыз жыныстық құлдықтың құрбаны болған, деп хабарлады Астана қалалық ІІД баспасөз қызметі.
None
None

Оларды сатушы адамды құрықтау елордалық сақшылардың ең маңызды тапсырмаларының бірі болды. Астана қалалық ІІД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлерімен қатар ҚР ІІМ Криминалды полиция комитетінің қызметкерлері бірігіп жүргізген жедел-іздестіру іс-шараларының барысында Оңтүстік Қазақстан облысының 1987 жылғы тұрғыны ұсталды.

Алдап немесе қорқытып ол қыздарды жыныстық қызмет көрсету үшін Астанаға жеткізіп, олар үшін ақша алған. Өзінің қара әрекетін ол бір топ тұлғамен алдын ала келісіп жасаған. Жас қыздарды жезөкшелікке итермелеген себептері - олардың арқасында ақша табу. Аталған азамат қыздарды Қазақстанның басқа аймақтарынан әкеліп тұрған. Әдеттегідей, тауардың құны 20 мыңнан 100 мыңға дейін бағаланған. Қыздардың құны олардың жасы мен түр-әлпетіне байланысты болған.

Ұсталған тұлға уақытша қамауда ұстау изоляторына алынды. Айғақты заттар яғни, қыздарды сату арқылы тапқан ақшалары тәркіленді. Тергеу жүргізілуде.

Соңғы жаңалықтар