Елорда аумағындағы саяжайларда 7 036 адам тұрады

АСТАНА. Ақпанның 25-і. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Елорда аумағындағы саяжайларда 7 036 адам тұрады. Бұл туралы бүгін сауықтыру шаралары аясында Астана аумағындағы саяжайларда өткізілген тексерудің нәтижесімен таныстыру кезінде Астана қаласы ІІД Көші- қон басқармасының бастығы Құсайын Сандыбаев мәлім етті,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оның айтуынша, биылғы жылғы ақпанның 22-сі мен 25-і аралығында 36 саяжай қоғамдастығы тексерілді. Оның 15-і «Алматы», 16-сы «Есіл» және 5-і «Сарыарқа» аудандарына тиесілі.

Барлығы 4 130 саяжайдағы үйлер тексеріліп, оның 1 929-ында азаматтар тұрып жатыр, ал қалғаны, яғни қысқы маусымда бос тұр.

«Аталған шара барысында елордадағы саяжайларда 7 036 адам тұратыны (оның 2 199-ы балалар) белгілі болды»,-деді Қ. Сандыбаев.

Оның сөзіне қарағанда, саяжайлардағы тұрғындардың көбі Астанаға еліміздің өзге аймақтарынан келіп қоныстанған. Негізінен Ақмола, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Қостанай және басқа да облыстардан келгендер.

Атап айтқанда, сонымен бірге онда Өзбекстан, Қытай, Моңғолия, Қырғызстан, Ресей мемлекеттерінен келген 172 оралман, Қазақстанда тұруға рұсаты бар 10 шетелдік азамат анықталды.

Соңғы жаңалықтар