Елорда автобустарында билет бермегені үшін салынатын айыппұл сомасы көтерілуі мүмкін

Қалалық жолаушылар көлігі басқармасының басшысы Бекмырза Игенбердинов қоғамдық көліктерде жүргізілген рейдтің нәтижелерімен бөлісті. Оның сөзіне қарағанда алдағы уақытта қызмет көрсетудің сапасын арттыру бойынша мәселелер шешілетін болады. Бірінші кезекте жүргізушілер ЖҚЕ-нің өрескел бұзушылықтары үшін автопарктердің басшылары да жауапқа тартылатын болады.
«Мен өз тарапымнан автопарктердің басшылығына соңғы ескерту жасадым. Егерде автобус жүріп бара жатқан кезде тағы да есік жабылып, ашылатын болса, автопарктің басшылығы міндетті түрде жауапқа тартылады. Автобустар өте ыңғайлы, жол жақсы көрінеді, шопыр өзінің айналасын, жолды 360 градусқа айқын көреді. Сондықтан да жүріп бара жатқан автобустың есігін ашып, жабу жұмысқа селқос қарау деп түсінемін», - деді Бекмырза Игенбердинов
Оның сөзіне қарағанда қазірі уақытта жол билеттерінсіз жүру немесе жол билеттерін бермеу жағдайлары үшін жазалау қатаңдатылды.«Біз қазір нормативтік-құқықтық актілерге өзгеріс енгізуді ұсынып отырмыз, ол билетсіз жолаушыларға, билет таратпайтын кондукторларға байланысты айыппұлдарға қатысты. Бүгінде ол 2 АЕК, кейбіреулері үшін мүмкін бұл сома көп емес шығар, бірақ жалпы алғанда әлемдік тәжірибе айыппұл сомасын 20-30 АЕК-ке дейін арттыруды көрсетіп отыр», деді Бекмырза Игенбердинов.
Қалалық жолаушылар көлігі басқармасының басшысының мәліметтері бойынша қоғамдық көлікпен елордада күніне 800 мың адам қатынайды.