Елорда автотұрақтарының бірінде жарылғыш зат қойылды деген ақпарат жалған болып шықты

АСТАНА. Қыркүйектің 10-ы. ҚазАқпарат - Елорда автотұрақтарының бірінде жарылғыш зат қойылды деген ақпарат жалған болып шықты, деп хабарлады ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметінен.
None
None

Кеше қалалық ІІД пультіне «Изумруд» тұрғын үй кешенінің жерасты автопаркингінде тұрған «Тойота» көлігіне жарылғыш зат қойылғандығы туралы ақпаратты белгісіз адам хабарлаған.

«Арнайы жүргізілген іс-шара барысында жарылғыш зат табылмады», делінген ведомство ақпаратында.

Соңғы жаңалықтар