13:04, 13 Наурыз 2020 | GMT +5
Елорда балабақшаларында дезинфекциялық режім күшейтілді
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елорда балабақшаларында дезинфекциялық режім күшейтілді. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қалалық қоғамдық денсаулықты сақтау басқармасының басшысы Сәуле Қисықова айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Егер ата-ана баласын үйде қалдыруға мүмкіндігі болса, онда солай жасауына еркі бар. Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында дезинфекциялық режім күшейтілді. Медициналық тексеріп қарау таңертең басталып, күні бойы жүргізіледі. Балабақшалар режім сақтау арқылы жұмыс істей беретін болады», деді Сәуле Қисықова.
Бұған дейін Нұр-Сұлтан қалалық қоғамдық денсаулықты сақтау басқармасының басшысы қалада коронавирустың таралуына жол бермеу бағытында қолға алынған шараларды айтқан еді.
Сондай-ақ коронавирус жұқтырмау үшін азаматтар қандай сақтық шараларын сақтау керектігін атап өткен болатын.